Медиа әлем және тәрбие

Дулати университеті қабырғасында «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен Әулиеата медиасының өкілдері мен студент жастардың «Медиа әлем және тәрбие» тақырыбында кездесуі өтті.

Аталмыш іс-шараға БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, студенттер қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – бүгінгі медианың ұрпақ тәрбиесіне әсерін, жасөспірімдердің қалыптасуына тигізетін ықпалын жан-жақты талдап, ортақ шешімін табу.

Жиын модераторы «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Дәурен Бағжанов жиынның мақсат, міндетіне тоқталып, тақырып төңірегінде ойын ортаға салды.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек медианың бала тәрбиесіне әсері жөнінде пікірін білдірді. Ақпарат ағыны ауқымды заманда медиа сауаттылық аса маңызды екенін айтып, әлеуметтік желілерде балаларға арналған қызықты, пайдалы контенттер көбірек болса деген тілегін жеткізді.

«Aulieata-Media»ЖШС бас директоры Данияр Асқарұлы «Жаңа медиа коммуникацияның ұрпақ тәрбиесіне әсері» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде телефон тәрбие құралының бірі екенін айта келе, ютуб арнасын қолдану барысында ата-ана қадағалауы функциясының маңыздылығына тоқталды. Ата-ананың басым көпшілігі бұндай функцияның барынан хабарсыз екенін және балалар зиянды, қажетсіз, қауіпті контенттерді де еш сараптаусыз көретінін жеткізді. Сондай-ақ, балалар түрлі комикстерге аса қызығатынын, осы қызығушылықтарын арттырып, қазақ ертегілеріне негізделген комикстардың қатарын көбейтудің де артықшылықтарына тоқталды.

Кездесу аясында «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, «Тараз-24» телеарнасының директоры Зарина Қуатова тақырып төңірегінде өз ойларын білдірді және ютуб әлеуметтік желісінде балалар үшін тәрбиелік мәні зор контенттердің санын арттыру мақсатында Дулати университеті студенттерінің идеясын, ұсыныстарын қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.

медиа тарбие11111

медиа тарбие2222

 

 

Прочитано 402 раз
Top