«ЖАС МАМАН-2024» БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында «Жас маман-2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге  Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мекемелері мен ұйымдарынан жұмыс берушілер, бітіруші түлектер қатысты.

Жәрмеңкенің мақсаты – жастар мен оқу орындарының түлектері үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілерге жұмысқа қабылдау процесін жеңілдету.

Шараны университеттің Академиялық жұмыстар жөніндегі департамент директоры Сауле Алимбаева жүргізіп отырды.

Бос орындар жәрмеңкесіне Жамбыл облысының білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.А.Усерова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Р.Ш.Шарипов, ЖФ ЖШС «Казфосфат» байланыс және IT қызметтері  директордың орынбасары –Ербол Тұрғынбек, «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары –А.С.Атин , Мойынқұм аудандық білім беру басқармасынан –Н.Пернебеков, Тараз қаласының мектеп директорлары және т.б. мекемелерден жұмыс берушілер қатысты.

Жұмыс беру өкілдері өздерінің ұжым құрамын жас мамандармен толықтыра отырып, оларға жұмыс жасауда ыңғайлы орта мен табыс табу мүмкіндігін ұсынуға дайын екендіктерін айтты.

Нәтижесінде бітіруші түлектер теорияда алған білімін тәжірибе барысында іске асыратын жұмыс орындарын қарастырып, жұмыс берушілердің ұсыныстарымен танысып, кеңестер тыңдалды.

бос жумыс 1111

бос жумыс222

бос жумыс3333

 

 

Прочитано 557 раз
Top