ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ МОДЕЛІН ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫН НЫҒАЙТУ

Финляндияның ХЯМЕ қолданбалы ғылымдар университеті үйлестірген «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту » тақырыбында оқыту курсы бойынша арнайы сертификаттар табыс етілді.

2024 жылдың мамыр айында Қазақстанда педагогикалық білімді дамытуға бағытталған «Білім беруді жаңғырту» жобасының контексіндегі өзара байланысты екі жоба аяқталды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік Банктің басшылығымен қазақстандық және финдік жоғары оқу орындарының сарапшыларының бірлескен жұмысының арқасында қомақты нәтижелерге қол жеткізілді: педагогикалық білімнің жаңа моделін жүзеге асыру және 30 білім беру бағдарламасын әзірлеу, оқытушыларды оқыту, көшбасшыларды даярлау, STEM CLIL оқыту және силлабустарды құрастыру және т.б.

«Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» KZEM/DS-02 жобасы аясында өткізілген қорытынды семинарда Қазақстанда педагогикалық білімді тұрақты дамытуға арналған   тұжырымдамалар, инновациялық идеялар,сондай-ақ білімнің алуан түрлі аспектілерін, оның процестерін, мазмұны мен ұсыныстарын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жасалынды:

  • -Жаңа білім беру бағдарламалары үшін тұжырымдамалық негіздің рөлін күшейту және оны педагогикалық білім берумен айналысатын барлық ЖОО-на тарату;
  • -Педагогикалық білім беретін барлық ұйымдардың тұжырымдамалық негізді барлық тиісті бағдарламалар үшін ғылыми негіз ретінде пайдалануын қаматамасыз ету міндетті.
  • -Тұжырымдамалық негіздің маңыздылығы мен енгізілуіне зерттеу жүргізу және қажет болған жағдайда оны болашақта тиімді қолдануды қамтамасыз ету үшін түзетулер енгізу;
  • -Барлық мүдделі тараптардың ашықтығы мен өзара іс-қимылына кепілдік беру үшін Қазақстанның білім беру қоғамдастығы арасында тұжырымдамалық негізді зерттеу нәтижелерін кеңінен талқылауды қаматамасыз ету;
  • -Соңғы 2 жылда ЖОО көбірек еркіндік алғандықтан, білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуда табысты кейстерді енгізу үшін педагогикалық практиканы жоспарлау және енгізу тұрғысынан жетекші шетелдік ЖОО-ның озық тәжірибесін зерделеу;
  • -Танымал мамандарту тарту: ЖОО-да және жалпы орта білім беретін мектептерде қонақ дәрістер мен шебер-сыныптар өткізу үшін танымал педагогтерді шақырту;
  • -Икемді білім беру траекториялары: ЖОО әрбір студентке икемді білім беру бағдарламаларын әзірлеуі керек;
  • -Тәлімгерлік бағдарламарын құру:оқытушылар мен тәжірибелі педагогтер студенттер мен оқушыларға тәлімгерлік жүргізуі керек.
  • -Инновациялық әдістемелер мен технологияларды енгізу және т.б.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Ш.Мұртаза атындағы Тараз Халықаралық инновациялық институтының 40 оқытушысына  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі   жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру Комитетінің қолдауымен «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында   жаңаша бағытта педагог маман дайындауға арналған Финляндияның Хяме қолданбалы ғылымдар университеті үйлестірген «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» KZEM/DS-02 жобасы шеңберінде жоғары білім бағдарламасын әзірлеу және силлабус құрастыру дағдылары бойынша кәсіби біліктігін артттырғаны үшін 160 академиялық сағат  бойынша сертификат тапсырылды.

22051111

 

 

Прочитано 628 раз
Top