КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында «Экономика және менеджмент» кафедрасының PhD докторы, сарапшы Гүлзат Қуанышбайқызымен коммерцияландыру жобаларын жүзеге асыру мақсатында кездесу өтті.Ұйымдастыру комитеті: Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімі.

Кездесу мақсаты – гранттық қаржыландыру үшін конкурстық жобаларды талқылап, түрлі саладағы коммерцияландыру бойынша жасақталған жобалардың экономикалық бөліміндегі кездесетін түрлі қиындықтардың ұтымды жағын ескеріп, бірлесіп қызмет жасау.

Кездесуге университетіміздің ғылыми жұмыстары бойынша декан орынбасарлары, ғалымдар мен жас ғалымдар, коммерцияландыру конкурстарының жетекшілері мен орындаушылары қатысты.

Кездесудің барысында жоба жетекшілері сарапшы Гүлзат Қуанышбайқызына көкейінде жүрген сауалдарын қойып,пікірлерімен бөлісті.

Алдағы уақытта сарапшы мен ғалымдар коммерцияландыру бойынша жобалардың экономикалық бөлімдерін талқылап, жұмыс жасайтындарын жеткізді.

коммерция111

 

 

Прочитано 489 раз
Top