ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – 65 жылдан астам тарихы бар оңтүстік өңірдегі іргелі білім ордасы.

Мұнда жастар білікті маман болып қалыптасу үшін бар жағдай жасалған:

  • Озық технологиямен жабдықталған зертханалар;
  • Кітап қоры мол кітапхана;
  • Жайлы жатақхана;
  • Спорт кешендері
  • Әскери кафедра
  • Жастар үшін қызықты орта;

Мұның барлығы да Сіздің нарық сұранысына ие маман болуыңызға өз септігін тигізбек!

2024 жылдың қыркүйек айында университте Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылмақ. Бұл да студенттеріміз үшін  жақсы мүмкіндік.

Дулати университетінің студенттері, оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдің жетекші оқу ордаларында оқып, тәжірибеден өтіп, білімін шыңдайды.

Жас түлек, Сізді дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз.

Дулати университетінің студенті атанып, ғылым мен білімді, шығармашылық пен өнерді, белсенді өмір мен спортты ту еткен жастардың қатарына қосыл!

 

Прочитано 382 раз
Top