«HARIKA ISTANBUL» АТТЫ ТҮРІК ТІЛІНІҢ АУДИТОРИЯСЫ АШЫЛДЫ

Дулати университеті қабырғасында Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті «Әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Harika Istanbul» («Ғажайып Стамбул») атты түрік тілі аудиториясының ашылу салтанаты өтті.

Аудиторияның ашылу салтанатында  Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Сауле Алимбаева және Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек лентаны қиды.

Аудиторияның ашылуына Сауле Алимбаева, Аслан Тұрлыбек, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Гүлнұр Исабекова, Айша бибі атындағы «Білім-инновация» дарынды қыз балаларға арналған лицей – интернатының түрік тілі мұғалімдері О.Бектұрғанов, А.Аббасов және университеттің профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері қатысты.

Аудиторияның мақсаты – түркі елдері мен қауымдастықтары арасындағы экономикалық, сауда-техникалық, әлеуметтік, мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытып, Түркия Республикасының мәдениеті мен тарихын, тілі мен әдебиетін білімгерлерге үйрету.


«Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі Перизат Құдабаева жиынды құттықтау сөзбен ашып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынас төңірегінде ашылған аудитория қазақ-түрік қатынасын нығайту арқылы ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеп, ғылым мен білім саласын көркейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Салтанатты жиын барысында елімізде оқытушылық, аудармашылық қызмет атқарып жатқан түлектеріміздің жылы лебіздері қамтыған видео құттықтаулар көрсетілді.

Университет қабырғасында 2010-2011 оқу жылынан бастап Түрік тілі білім бағдарламасы оқытылып келеді. Аталған кезеңнен бастап, білім алған студенттеріміз Қазақстанның әр бұрышында түрлі салада еңбек етуде. Қазіргі таңда универсиетіміздің көптеген білім алушы студенттері Түрік елінің ЖОО–да Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша білімдерін шыңдауда.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Түркия Республикасының Кастамону, Карабюк, Мальтепе, Стамбул, Акдениз университеттері арасында қол қойылған екі жақты келісім жасалған. Аталған келісім–шарт аясында студенттеріміз «Mevlana» алмасу бағдарламасы бойынша Түркия елінде білім алып, елге оралуда.

200-ден астам жоғары оқу орны бар Түркия Республикасынан шақырылған «Қонақ-лектор» оқытушылар 1 ай, 3 ай, 6 ай көлемінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті білімгерлеріне дәріс оқиды.

Оқу ордамызда білім нәрімен сусындап жатқан жастардың ынтымақтастық көк­жиегін ке­ңейтуге, Қазақстан мен Түркия ара­сын­дағы қарым-қатынастың дамуына ма­ңызды үлес қосу арқылы жаңаша бағытта зерделеуге мүмкіндіктері бар. Аталған аудитория студенттердің сапалы білім алуына себепші болары анық.

ткурык1111

турык2222

турык33333

 

 

Прочитано 659 раз
Top