«FREEDOM GRANTS» ЖОБАСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Дулати университеті қабырғасында «Freedom Grants» білім беру жобасының  жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Freedom Bank -тің директоры Бауыржан Шалғынбаев, жеңімпаз талапкерлер мен ата-аналар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Жиынды Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова құттықтау сөзбен ашып, талапкерлерге шығармашылық табыс және жаңа бастамаларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, білім ордасының жеткен жетістіктеріне тоқталып, мыңдаған жоғары білікті мамандарды даярлаған оқу ордасы екенін тілге тиек етті. Талапкерлердің ата-аналарына да ыстық лебізін жеткізіп, балаларының дұрыс таңдау жасағандары үшін өз ризашылығын білдірді.

Freedom Grants – талапкерлерге білім беру гранттарын иеленіп, еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігін ұсынатын арнайы жоба. 

Жоба аясында серіктесіміз Freedom Bank негізгі ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Дулати университетінің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім алғысы келетін талапкерлерге гранттар ұсынды. Нәтижесінде, 22 талапкер құжат тапсырып, 14 талапкер «Freedom Grants» білім беру жобасының грант иегерлері атанды.

Жиын соңында ата-аналар Freedom Bank және университет басшылығына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да жоғары көрсеткіштерді бағындыратынына сенім білдірді.

грант1111

грант222

грант333

грант4444

грант5555ъ

грант666ъ

 

Прочитано 427 раз
Top