ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Университет қабырғасында Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов шәкірт жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген бірқатар ұстаздарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің   марапаттарын табыстады.

Жиынды Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, ұстаздардың оқу-білім жолында атқарған еңбегі мен университеттің дамуына қосқан елеулі еңбектері туралы сөз қозғады. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін тілге тиек етіп, әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.

Салтанатты жиында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің  «Құрмет грамотасы» дипломымен «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Гаухар Санай және «Су ресурстары» кафедрасының профессоры Михаил Сенников марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломымен «Физика және информатика» кафедрасының аға оқытушысы Надира Ниетбаева марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің   «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры Рысты Керимбаева марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл жанашыры» құрмет дипломымен Журналистика және филология» кафедрасының меңгерушісі Күлзинат Қарымбаева марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Маржан Калмаханова марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің» деканы Айсулу Тұрарова марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі Тұрсынай Абдыкадырова марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі тех.ғ.к., доцент Мұхамеджан Сексенбай марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Еділбек Әбдімомыновқа философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 12 шілдедегі №1530-n бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универститетінің ұстазы Зульфия Құрманбековаға филология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 15 тамыздағы №737 бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универститетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Рабиға Құдайбергеноваға химия білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің   «Алғыс хат» дипломымен «Спорттық пәндер әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Бекнурманов, «Физика және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры София Егембердиева, «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі Анар Бекенова, Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының директоры Ғалия Омарова марапатталды.

Марапат иелері жеткен жетістігі тұлғалық ерекшеліктен өзге, көпшіліктің қолдауының арқасында болғанын айтты. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен университет басшылығына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. 

марапаттау1111

марапаттау22222

марапаттау33333

марапаттау44444

марапаттау55555

марапаттау6666

марапаттау77777

марапаттау88888

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прочитано 181 раз
Top