АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында АЭС құрылысы бойынша дөңгелек үстел форматында жиын өтті.

Жиынға энергетикалық жобаны жүзеге асырудың экологиялық және әлеуметтік зардаптарына алаңдайтын мемлекеттік қызметкерлер, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов сөз алып, ұлттық экономиканың дамуы энергиямен толық қамтамасыз етілуіне байланысты екенін тілге тиек етті.  АЭС-тың экологиялық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік, геосаяси артықшылықтарын сараптап, негізгі басымдықтарына тоқталды.

Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев  «Қазақстанның атом саласын дамыту» тақырыбында баяндама жасады. АЭС-тың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тарифтың маңыздылығына тоқталды.

Жиында мамандардың ашық пікірлері сараланып, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айтылды. Сондай-ақ, қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, АЭС құрылысын салу туралы жалпыұлттық референдум өткізу мәселелері талқыланды.

Жиын соңында мамандар 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша маңызды шешім қабылдауға шақырды. Өз кезегінде университеттің профессор-оқытушылар құрамы АЭС керек екенін және бұл өзгеріс алда өршуі мүмкін энергетикалық дағдарыстың жалғыз шешімі екенін жеткізді.

жыин 1111

жиын22222

жыин3333

жиын4444

жиын5555

 

 

Прочитано 197 раз
Top