«МОБИЛЬДІ ТЕХНОПАРК» МАСТЕР-КЛАСС МАРАФОНЫ – ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ІС-ШАРА

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бірлескен қызмет туралы меморандум шеңберінде Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім мен Татарстан Республикасының «Кванториум»  «Балалар технопаркі» коммерциялық емес дербес ұйымымен бірлесіп, Набережные Челны қаласы  «Мобильді технопарк» шеберлік сыныптарының марафонын ұйымдастырды.

Марафонның мақсаты – Тараз қаласының студенттері мен жоғары сынып оқушыларын интерактивті мастер-класстардың көмегімен заманауи технологиялар тақырыптарына қызықтыру, одан әрі технологиялық жаңалықтарды зерделеуге және ойлап табуға ықпал ету, жаңа жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға, инновациялық технологиялар мен идеяларды әзірлеуге, тестілеуге және енгізуге бағытталған жоғары технологиялық жабдықтармен таныстыру, техникалық ғылымдар саласында білім беруді жалғастырғысы келетін мектеп түлектерінің санын көбейту, сондай-ақ, IT ғылымына танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында ғылыми-техникалық қоғамдастықтың жетістіктерін дәріптеу болып табылады.

Аталған іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері мен Тараз қаласының №7, №40 және №41 гимназияларының жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

«Кванториум» технопаркінің тұсаукесерінен кейін, барлық қатысушы студенттер мен оқушылар дайындалған аудиторияларда 8 тақырыптық   бағыт ұсынылды. Олар:

  • Ғарыштық технологиялар-ғарышкерліктің негіздерімен танысу және жердің шағын жасанды серіктерін жобалау;
  • Нейротехнология-адам бетінен электробиосигналдарды зерттеу және алу. Бағдарламалау және нейропилоттау.
  • Аэромодельдеу-мультикоптерлерді жобалау және құрумен танысу, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқарудың практикалық дағдылары;
  • Геоинформатика-онлайн карталарға арналған ArcGIS Online платформасының құралдарымен географиялық модельдеумен, геодеректерді визуализациялаумен танысу;
  • Робототехника-роботты жобалаумен, құрастырумен, бағдарламалаумен танысу;
  • Сандық дизайн - цифрлық өнеркәсіптік дизайн негіздерімен танысу;
  • VR/AR технологиялары – мобильді құрылғыларға арналған AR қосымшаларын құруға арналған ПО Unity әзірлеу ортасымен танысу;
  • 3D модельдеу көпбұрышты модельдеу орталарымен танысу, Blender бағдарламасында 3D модельдер мен компьютерлік графиканы құру.

Барлық дайындалған 8 аудиторияларда студенттер мен оқушылар қызығушылық танытып,оқу бағыттарының біріне барып, екіншісіне де қатысуға ниет білдіріп, өз қолдарымен модельдеуге, дрондарды басқаруға, роботтарды жинауға, жасанды спутниктерді құруға тырысты.  Нәтижесінде, жобаның барлық қатысушылары осы іс-шараның өте пайдалы болғанын, сонымен қатар жақсы пікірлерін айтып, болашақта осындай жобаларға қатысуға ниет білдірді.

мастер клас111

 

 

Прочитано 39 раз
Top