ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Университет қабырғасында Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов шәкірт жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген бірқатар ұстаздарға марапаттарын табыстады.

Жиынды Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, ұстаздардың қоғамдағы рөлін құрметтеу және олардың қажырлы еңбектері туралы сөз қозғады. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін тілге тиек етіп, әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 14 қыркүйектегі жарлығы бойынша «Құрмет» ордені төсбелгісі «Спорттық пәндер әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Тахир Мамашаевқа табысталды.

Қазақстан Республикасы Педагогтар қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог – 2024» республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынылған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін «Ұстаз» ордені төсбелгісі «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының профессоры Пернайым Сағымбековаға табысталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғыс хат» дипломымен Техника ғылымдарының докторы Ғалия Омарова марапатталды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі тех.ғ.к., доцент Мұхамеджан Сексенбай марапатталды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті диссертациялық кеңесінің 2024 жылғы 1 тамыздағы шешімімен «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша Светлана Сурковаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің «Құрмет грамотасы» дипломымен Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күлзия Әбдір марапатталды.

Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің «Алғыс хат» дипломымен «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы Мырғалым Дегенбаев марапатталды.

Облыс әкімінің «Алғыс хат» дипломымен «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Зауре Мусабекова және «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы Светлана Суркова марапатталды.

«М.Х.Дулати.Үздік табыстары үшін» төсбелгісімен «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Хадия Караматуллаева, «Журналистика және филология» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ, зертхана меңгерушісі Тойлыбай Маханов марапатталды.

Марапат иелері жеткен жетістігі тұлғалық ерекшеліктен өзге, көпшіліктің қолдауының арқасында болғанын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Ұлағатты ұстаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

напградаа1111

наградааа2222

наградааа3333

наградааа4444

награда55555

наградаа6666

награда777777

 

 
Прочитано 177 раз
Top