ЕРДІҢ ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

Дулати университеті қабырғасында Рақымжан  Қошқарбаевтың туғанына  100 жыл  толуына орай, «Ердің ерлігі ұмытылмайды!» тақырыбында еркін форматта кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастыру комитеті: «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты.

Кездесуге «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Бауыржан Момышұылының немере інісі  Бекет Момынқұл, Жамбыл облысы ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан (ІІО мен ҰҰ) ардагерлер ұйымының төраға орынбасары Асқар Арқабаев, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Төрағасы – Ерғали Әбуғали және студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, қандас, қарулас Рақымжан Қошқарбаевты еске алу. Батырдың қысқа ғұмырынан жас буынға үлгі-өнеге, тарихи тағылым беріп, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу.

Бекет Момынқұл сөз алып, сұрапыл соғыс қанша жыл өтсе де  адамзатты қан қақсатып,ұмытылмайтын жара салғанын жеткізді. Тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлға Рақымжан Қошқарбаевтың өнегелі өмірі, тарихи ерлігінің маңызды екенін әрі батырдың еліміздің болашағы, қауіпсіздігі үшін атқарған еңбектерін саралап, өмірі жайлы тағылымды баяндама жасады.

Кейіннен Асқар Арқабаев  сөз алып, азаттықтың қадір-қасиетін тілге тиек етті. Ұлт бірлігін насихаттап, жас буынның қоғамдағы әлеуметтік даму жолындағы белсенділігін дамыту мақсатында зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Білікті кадр атанып, елге еңбек ету - жастарға жүктелер басты міндет екенін жеткізді. Ел ертеңі - жастардың патриоттық рухта тәрбиеленіп, мәңгілік елдің ұрпақтары болатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында жастар қауымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлер тарапынан жауап алды. Ерлік пен ізгілік аясындағы кездесу емен-жарқын ашық диалогта өтіп, кері байланыста білімгерлер белсенді қатысып,жағымды эмоцияларымен бөлісті.

ракымжан1111

ракымжан2222

ракымжан3333

ракымжан4444

 

Прочитано 27 раз
Top