«BALMUZDAQ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ

«Мәдениет және Өнер» кафедрасының 2,3,4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 курс білімгерлеріне арналған «Balmuzdaq» атты кеш өтті.

Концертті Кафедра меңгерушісі Айгүл Кабиева құттықтау сөзбен ашып, оқу ордамыз жас ұрпақтың бойындағы тұлғалық қасиеттерді ұштап, білім мен тәжірибелерді игеруге, достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік беретін бірегей білім алаңы екенін жеткізіп, білімгерлерге сәттілік тіледі. 

Кеш қонақтарының назарына мерекелік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар әнмен әуелетіп, күмбір күйден шашу шашты. Көрермендер би қойылымдарына жоғары бағасын беріп, шын көңілмен қошеметтеп отырды.

Бірінші курс білімгерлері аға буынның өнерін тамашалап, кештің мәні мен маңызын сезініп, жылы лебіздерін білдірді.

балмұздақ41111

балмұздақ3333

 

 

 

 

Прочитано 17 раз
Top