ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУ БАРЫСЫ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұмановтың  қатысуымен Басқарма Мүшесі Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаевқа қарасты құрылымдық бөлім басшыларының есебі, гранттық қаржыландыру жобалары мен мақсатты бағдарламалар жетекшілерінің ғылыми зерттеу жұмыстарды орындау барысы жөнінде кездесу өтті.

Кездесуде Мұхтар Қазбекұлы университетіміздің қайта құрылуына байланысты сөз алып, ғалымдарымызға барынша жағдай жасалып, оларға тиесілі академиялық сағаттарынан босатып, ғылыммен айналысуға мүмкіндік жасау керектігін тілге тиек етті.

Проректор Сейтжан Орынбаев сөз кезегін алып, 2023-2024 жылы аралығында жалпы ұтысқа ие болған барлық жобалар мен атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады.

Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Арман Кабдушев биыл бекітілген «Ғылым және технологиялық саясат» туралы заңның ерекшеліктеріне тоқталып, ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға шақырды. Елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған тұстарын айқындап, түсіндірді.

Сонымен қатар, Ғылыми зерттеу қызметі бөлімінің басшысы Мәртебе Жанқуанышев пен Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев гранттық қаржыландыру бойынша, жас ғалым, ең үздік оқытушы, коммерцияландыру бойынша ұтысқа ие болған жобалар бойынша жетістіктерін атап өтті. Жобалардың орындалу барысын және ерекшеліктері жайлы түсіндірді.

Кездесу барысында университетіміздің тарихында алғашқы рет жеңіп алған «Мегагрант» мақсатты қаржыландыру бағдарламасы жайында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы талқыланды.

Ғалымдарымыз жиналыс соңында өз жобалары бойынша атқарылған жұмыс жөнінде есеп беріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

сейтжапн1111

сейтжапн2222

 

Прочитано 175 раз
Top