«ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, «Қаныш Сәтбаевтың қоғамдық-саяси қызметі» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуді ұйымдастыру комитеті: «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының «Мұрагер» ғылыми үйірмесі.

Жиынға «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы С.Бақторазов, облыстық «Тарихтану» орталығының тарих бөлімінің меңгерушісі А.Шайділдаев , 40 – дан астам тарихшылар, мұражай қызметкерлері, Байзақ және Меркі ауданының ұстаздары мен оқушылары, Тараз қаласының № 6, 9, 54, 56 мектеп гимназиясының ұстаздары мен оқушылары, Абай атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің студенттері және университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Жиын барысында Тараз қаласының №9 орта мектебінің 10 сынып окушылары М.Жұматай, С.Жансерік пен Абай атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің студенті Жарқынбай Н.К., сондай-ақ, Тарих мамандығының 2,4 курс студенттері Еркін У.К., Таңат А.Т., Абдыманат Ж.Ғ., Әшірхан Қ.Н., Бахытбекова А.Т. және үйірме мүшелері Бурамбаев Б.Ж., Тоқтағұл Е.Т., Қадырбек Т.А. белсенділік көрсетті.

Сонымен қатар, Тарих мамандығының 4 курс студенті Әшірхан Қ.Н. «Қаныш Сәтбаев және ғылыми майдан» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. №9 мектептің 10 сынып окушысы Жансерик Саяжанның «Бір ауылды аштықтан алып қалған академик» тақырыптағы баяндамасы ерекше әсер қалдырды. Жетекшілері Идрисова Г.Б. мен Ауғанбаева Ж.Ж.

Жиын соңында, ұлы ғалымның еңбегіне жан-жақты талдау жасалып, белсене қатысқан қатысушыларға сертификат пен алғыс хат табысталды.

сатпаев1111

сатпаев2222

 

Прочитано 368 раз
Top