ҒАЛЫМДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы Г.Б.Нұрадин, Д.Д.Кульбаева және А.Е. Аккулиева  29 қазан мен 3 қарашасы аралығында өткен AP23485390 - «Практикалық философия: интегралды білім және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы дизайн-ойлаудың тұжырымдамалық метамоделі» атты гранттық қаржыландыру жобасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде тәжірибе алмасты.

Сапар бағдарламасы бойынша ғалымдар ашық дәрістер оқып, тренингтер мен коучингтер өткізді. Алғашқы күні Дулати ғалымдары университет базасымен және университет жанынан ашылған ғылым және технологиялар университетінің Сеул Ұлттық инженерлік мектебінің филиалымен танысып, жоғары білім беруде нейрондық желілерді қолданудың мүмкіндігі мен проблемалары туралы пікір алмасты.

-Іссапар аясында өткзілетін іс-шаралар,  философия пәнін практикалық тұрғыда пайдалану жөнінде тәжірибе алмасу біздің жобамыздың зерттеу саласын кеңейтеді. - дейді ғалымдар.

коркы ата1111

 

Прочитано 313 раз
Top