СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

«Әлеуметтік жұмыс басқармасы» жанындағы «Жастармен жұмыс бөлімі» және «Экономика және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» атты жастарға арналған семинар өтті.

Іс-шараның модераторы ретінде: «Экономика және құқық» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Алия Ажигулова болды.

Іс-шара спикерлері ретінде:

  • Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Айгерім Каукешова.
  • Тараз Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі маманы Құралай Бикенова.
  • Жамбыл облысы Полиция департаменті Кинология қызмет орталығының аға инспектор-кинологы полиция аға лейтенанты Бауыржан Избасаров болды.

Семинар барысында, спикерлер нашақорлықтың алдын алу, есірткінің қауіпі туралы айтып, есірткі затын сатқаны, сақтағаны, жарнамалағаны және насихаттағаны үшін қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы жастарымызға ескертті.

айгерым1111

айгерым2222

айгерым3333

айгерым4444

айгерым5555

айгерым66666

 

Прочитано 206 раз
Top