ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАДА ГРАНТ ЖЕҢІП АЛДЫ!

Дулати университеті мен Небраска университеті (АҚШ) Қазақстан-Америка университеттер консорциумы және Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің демеушілігімен, IIE - Steppe Global Education Foundation басқаруымен серіктестік бағдарлама аясында бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін 38 000$ көлеміндегі гранттың жеңімпаздары атанды.

Қазақстан мен АҚШ университеттерінің консорциумының жобасы екі елдегі білім беру мен ғылыми қызметтің сапасын арттыруға көмектесетін серіктестік бағдарламасын құруға бағытталған. Бағдарлама білім алмасуды, ғылыми зерттеулерді және бірлескен білім беру жобаларын, сондай-ақ тұрақты ынтымақтастық үшін инфрақұрылымды құруды қамтиды. Жоба аясында бірлескен семинарлар, мұғалімдер үшін тағылымдамадан өту бағдарламалары, зерттеу әдістері мен тәжірибелерімен алмасу жоспарланған. Жоба мәдениетаралық өзара әрекеттесуді дамытуға және Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы академиялық байланысты нығайтуға, сондай-ақ қазіргі экологиялық және технологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Бірлескен жоба қатысушылары құрамына: Дулати университетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ш.А.Есимова, Дулати университетінің химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі М.С. Қалмаханова, Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің Су шаруашылығы және табиғатты пайдалану институтының директоры Г.Е.Омарова, «Laboratory Services, Daugherty Water for Food Global Institute»директоры, профессор Daugherty Water for Food Global институтының зертханалық қызмет директоры, профессор Daniel Snow және ирригация жөнінде инженер Saleh Taghvaeian кіреді.

Әріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбекте жеміс, табыс, абырой тілейміз!

Прочитано 139 раз
Top