ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ – QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2025 РЕЙТИНГІНДЕ

Қазақстандық жоғары оқу орындарын университеттердің әлемдік рейтингтерінде ілгерілету жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады.

2024 жылдың 6 қарашасында QS Quacquarelli Symonds QS Asia University Rankings 2025 аймақтық рейтингінің нәтижелерін жариялады.

QS Asia University Rankings аймақтық рейтингіне әсер ететін факторлар:Академиялық бедел;Жұмыс берушінің беделі; Оқытушылар мен студенттердің арақатынасы; Халықаралық зерттеу желісі;Оқытушылардың жарияланымдары мен мақалаларына дәйексөздер; Ғылыми дәрежелілік; Шетелдік оқытушылардың үлесі және шетелдік студенттердің үлесі; Келген студенттердің үлесі және академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің үлесі.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Азия жоғары оқу орындары арасында рейтингке қатысып, 601-620 орын алды. Осылайша, Дулати университеті өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда өз позициясын 30 орынға жақсартты. Бұл маңызды жетістік: QS Asia рейтигінде Жапония, Үндістан, Қытай, Сингапур, Оңтүстік Корея, Гонконг, Малайзия, Тайвань сияқты елдерден 1128 жоғары оқу орны бар.

азия1111

азия2222

азия33333

 

Прочитано 331 раз
Top