Оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы Г.Б.Нұрадин, Д.Д. Кульбаева және А.Е.Аккулиева 6-12 қараша аралығында өткен «Практикадағы философия: құндылықтар теориясы және нормативтік позицияларды талдау» атты ашық дәріс бойынша Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде тәжірибе алмасты.
Сапар бағдарламасы AP23485390 «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» атты гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылады.
Тәжірибе барысында ғалымдар аталмыш университеттерде тренингтер өткізіп, философияны өмірде қолдану механизмдерін эксперименттеу жиынтығын саралады.
Ғалымдарымыз Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 5 жылдық мерейтойымен қатар, AP23490104 «Түркістан облысындағы діни туризм нысандарының ақпараттық әлеуетін зерделеу: 4 тілде мультимедиялық интерактивті атлас әзірлеу» тақырыбында гранттық қаржыландыру жобасы аясында өткізілетін «Түркістан облысындағы киелі орындардың қазақ халқы рухани – мәдени болмысындағы орны» атты Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясына қатысу арқылы өзіндік біліктіліктерін арттырды.