×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

СТУДЕНТТЕР ЗЕРЕ ӘЖЕМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Мәдениет және өнер кафедрасының 1-курс студенттері осыған дейін алған білімдерін, үйренгендерін «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты ашық кураторлық сабағында  көрсетті.

 

Бұған дейін жоғарғы курс студенттері орындаған «Хәкім Абай» қойылымын орындап шықты. Әдеби-музыкалық кештің арнайы қонақтары - «Құнанбай» фильмінде Зере әженің рөлін сомдаған, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрсипат Салықова мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Абзал Дәулетпақов болдыҚұрметті қонақтармен орнаған сырлы сұхбат барысында Нұрсипат әжеміз өз рөлі мен киноны түсіру кезіндегі қиындықтар туралы әсерлі әңгімелеп берді.–  2015 жылы Абайдың әжесі рөлін сомдау бақыты маған бұйырды. Шыны керек, «Құнанбай» фильміне түсемін деп ойламаған едім. Күтпеген жерден кастингке шақырды. Кастингте  Абайдың Сібірге айдалатын тұсын ойнауым керек болды. Режиссер «екі жағыңызда екі келініңіз отыр. Бір ауылда үш бейбақ қалдыңыз» деп түсіндіріп жатыр. Ұлжан мен Күнкені құшақтап, сол кездегі ана зарын жүрегіммен сезініп, егіліп жыладым. Сөзімді айтып болған соң, ауыр күрсіндім. Фильмде Зеренің атқа мінетін эпизоды бар. Абайды алып бара жатқанда «Қарағым, қандай кінәң бар? деймін,  Абай: «еш жазығым жоқ, апа жаламен кетіп барамын» дегенде «Құдайдың алдында арың таза екен» деймін бар даусыммен. Жүрегім езіліп жылай бердім, өзімді тоқтата алмадым, сол жақтағы қыздар да жылап жүр. Аттан түсерде аузым кеуіп «су, су» деймін. Сөйтіп, бас-аяғы 48 күнде түсіріліп, 2016 жылдың мамырында көрерменге жол тартты. Ал, мына, осы саланың болашақ мамандарына айтарым, көп оқыңыздар. «Абай жолын» оқыңыздар, әр оқыған сайын тереңірек бойлай түсесіз,- деді  Нұрсипат әже.Абай рөлін театр сахнасында шебер орындап жүрген Абзал Дәулетпақов та жастарға өз ақыл-кеңесін айтып, Абайдың өлеңін  мәнерлеп оқып берді.Кафедра меңгерушісі Айгүл Кәбиқызы жастармен арнайы кездесуге келген қонақтарға алғыс білдірді. Әдеби-музыкалық кеш өнерлі жастардың әсем әнімен   жалғасты.

Мадина Шарап, журналистика мамандығының студенті

Прочитано 2399 раз
Top