×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

2020 жылы 27 ақпанда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттеріне арналған дәстүрлі «Мамандығым-мақтанышым!» атты ашық есік күні іс-шарасы болып өтті. Салтанатты іс-шараның қонақтары университеттің бірінші проректоры Т.А.Толқынбаев, Технологиялық факультетінің деканы А.Т.Әймен, қабылдау комиссиясының төрағасы Қ.А.Ернишев, қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Қ.Садибаев, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Б.Қ.Масалимова, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар және Тараз қаласы мен Жамбыл облысының мектеп бітіруші түлектері мен колледж студенттері.

 

Жиналған қонақтарға «Химия және химиялық технология» кафедрасының тыныс-тіршілігі туралы бейнебаян ұсынылып, жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Бұл күні белгілі ғалымдардың зияткерлік тобы, университеттің қыметкерлері, жас әрі талапты студенттер мектеп бітіруші түлектермен өз тәжірибелерімен бөлісуге, құнды кеңестерін айтып, оларды мазалаған барлық сұрақтарға жауап беру үшін барын салды. Түлектер тарапынан білім беру бағдарламалары, сұранысқа ие мамандықтар және жұмысқа орналасу бойынша бірқатар маңызды сұрақтар қойылды. ТарМУ-да жоғары оқу орнына деген шынайы қызығушылық білдіретін талпкерлер үшін әрдайым есік ашық!
«Ашық есік күні» іс-шарасында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Т.А.Толқынбаев биыл мектеп бітіруші түлектер алдында сөз сөйлеп, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға кеңес берді. Бірінші проректордың сөзін жалғастырған қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары Әбілхан Садибаев болашақ студенттерді 2020 жылғы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларымен толық таныстырып, сұрақтарға жауап берді.
Одан әрі танысу оқу аудиторияларында да жалғасып, Т.М. Махметқалиев атындағы физика-химиялық ғылыми-зерттеу орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, жоғары курс студенттері түлектерді ТарМУ-дың өмірімен таныстырып, заманауи мемлекеттік ЖОО-ның қажеттілігін іс жүзінде көрсете білді.
Барлық талапкерлерге студенттер өміріне қанық болуға және шын мәнінде жанға жақын мамандық таңдауға тілектеспіз! Табыс тілейміз!

Прочитано 2703 раз
Top