АДАЛ АДАМ - ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Дулати университетінің қабырғасында «Адал адам – әділетті қоғамның тірегі» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Әлеуметтік жұмыс басқармасы және «Технология» факультеті бастауымен өткен кездесуде жастарды шыншылдыққа тәрбиелеп, туған жердің топырағына мейлінше қалтқысыз қызмет етуге баулу басты назарда екенін алға тартты.

Жиын басында әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы сөз алып, «Адалдыққа сенім артқан қоғам құру – әрбіріміздің міндетіміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін оның кез-келген тұрғыны әділетті де адал болуы керек. Біз де осы тұрғыда жұмыстар атқарып, жастардың әділдік жолынан таймауына өз үлесімізді мейілінше қосу жолындамыз. «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей», деген сөз бар. Сондықтан жастарды адалдыққа баулу өте маңызды.»,- деді университет басшылығы.

Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Арнат Бегдалыұлы «Осы орайда атқарылып жатқан шаралар аз емес, мақсатымыз - студенттер өмір жолында қателеспей тура жүріп, адал еңбек етуге тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері мен орын алған құқық бұзушылықтар үшін заңнамаларда көзделген жауапкершілік түрлері туралы айтып, бағыт-бағдар беру»,- деді.

Ендеше, адам бағасының өлшемін өлшейтін қасиет – адалдық. Ол қашанда санамызда сайрап, тұла бойымызға берік бекісе, біз бағындырмайтын белес болмайтыны анық. Демек, адал адам – әділетті қоғамның тірегі.

насилие1111

насчилие3333

насилите2222

насилие444

 

 

 

Прочитано 35 раз
Top