×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1-наурыз – Алғыс айту күні қала тұрғындары «Шахристан» этно-мәдени кешен маңында жиналды.
Бұл күні жиналғандар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.
ТарМУ-дың «Тұмар» ұлттық аспаптар оркестрі ұлтымыздың күй өнерін, тамаша туындыларын қала тұрғындарына тарту етті. Сәні мен салтанаты жарасқан мерекеде жастармыз келген қонақтарды қарсы алды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, қала халқын құттықтады.
Әрмен қарай әр ұлт өкілдерінің ұлттық биі орындалып, әні шырқалды.
Еліміздегі тыныштық пен татулықтың, бірлік пен берекенің мейрамы ретінде аталып өтетін бұл күн 2016 жылдан бастап тойланып келеді. Қиын-қыстау кезеңдерде, таршылық заманда өзге ұлтты өзегінен теппей, қарсы алған қазақ халқы елдіктің, ерліктің нақ үлгісін көрсетіп келеді. Жат жерден пана тапқан ұлттар осы күні қазақ халқына деген ризашылығын білдіруі бірлік пен берекенің салтанат құрғаны.
Дулати университеті баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтайды. Бірлігіміз бекем, іргеміз берік, рухымыз биік, елдігіміз мәңгілік болсын!

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 2322 раз
Top