Дулати университеті қабырғасында «Мамандықты дұрыс таңдау- болашаққа нық қадам» атты облыстық форумы өтті.
Жиынға 500-ге жуық кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты оқытушылар, бітіруші мектеп түлектер, ата-аналар және Дулати университетінің кәсіптік бағдарлауға жауапты мамандары қатысты.
Дулати керуені аясында өткізіліп жатқан бүгінгі форумның мақсаты - 11 сынып түлектерінің танымдық белсенділіктері мен мәдени көкжиегін арттыру, қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының болашақ мамандығын таңдауына бағыт бағдар беру.
Салтанатты шара басында Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев сөз алып, кәсіби бағдар беру жұмысының қаншалықты маңызды екенін ескерді. Сондай-ақ, осы саладағы мамандардың білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет екенін тілге тиек етті. Қала мектептерінен келген семинар қатысушыларына сәттілік тілеп, іс-шараны ресми түрді ашып берді.
Сонымен қатар, психология ғылымдарының магистрі Куралай Абдималиковна қатысушыларға психологиялық тренинг өткізіп, белсенді оқушыларға университетіміздің брендтік бұйымдары сыйға тартылды. «Мамандықты дұрыс таңдау- болашаққа нық қадам» атты облыстық форумы студенттер ұйымдастырған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.