КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дулати университетінің «Ғылым және коммерцияландыру департаменті» Коммерцияландыру бөлімінің  ұйымдастыруымен кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шолпан Кариева, Меркі ауданының кәсіпкері «Айсұлу» ЖШС-ның директоры Алтынай Макашева, Жуалы ауданының кәсіпкері «Нұрлы» ЖШС–ның директоры Асима Шекеева, Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев  және басқа да кәсіпкерлер арнайы келіп,қатысты.

Кездесу мақсаты – университет ғалымдары өңірлік кәсіпкерлерлермен бірлесу арқылы ынтымақтастықты нығайту, ортақ пікір алмасу және идеялар мен жобаларды іске асырып кәсіпті дамыту.

Кездесу барысында Меркі ауданының кәсіпкері Адильбек Нурмұхаметов өзінің ағаш қолөнерін, ал Жуалы ауданының кәсіпкері «Нұрлы» ЖШС – ның директоры Асима Шекеева алма алқабы өндірісі мен биогумын дамытуға ғалымдарымыздың көмегімен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізуге арнайы келісім шарт жасалды.

Кездесу соңында мамандар университетіміздің ғалымдары мен облыстағы ірі кәсіпкерлердің басын біріктіріп, жақын арада кездесу ұйымдастылатыны жайлы сөз етті.

касыпкер кезде1111

 

Прочитано 70 раз
Top