«Әлеуметтік жұмыс басқармасы» жанындағы «Жастармен жұмыс» бөлімінің ұйымдастыруымен №3 жатақхана студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселінің өршіп тұрғанына байланысты, жас буынға осы дерттің зардабын түсіндіру. Есірткіге қатысты ахуал, жасөспірімдермен және жастармен профилактикалық жұмыс әдістерін жүргізу.
Кездесуге Жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы Айдос Нұрмайлов, Психолог маман, аға оқытушы Шынар Буйембаева және студенттер қатысты.
Мамандар студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, «синтетикалық» есірткіден төнетін қауіп, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды түсіндіріп берді. Жастардың өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды.
Білімгерлер көптеген пайдалы мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.