КІШІ ҚАРАТАУ ГЕОПАРКІН ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Дулати университетінің қабырғасында Жамбыл облысы Қаратау жотасының бірегей өңірінде ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркін құруға арналған семинар өтті.

Жиынға унивеситет профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және ғалымдар қатысты.Шара барысында басқарма төрағасы - ректор Мұхтар Қазбекұлы Кіші Қаратау геопаркінің құрылуы тарихи-мәдени және табиғи мұраны, сонымен қатар білім беруде, мәдениетте және ғылыми зерттеулерде маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.

Арнайы семинарға Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жөніндегі ұлттық комитеті, ЮНЕСКО-ның геоғылымдар және геопарктер жөніндегі халықаралық бағдарламасының Ресей Комитеті (Карпин институты, РФ), ЮНЕСКО-ның жаһандық Янгантау Геопаркі (Башқұртстан Республикасы), Тянь-Шань геологиялық қоғамы (Қырғызстан), Ұлыбритания, Иран мемлекеттері халықаралық сарапшылары, Китаб геологиялық ұлттық табиғи паркі (Өзбекстан) өкілдері, Мәскеу мемлекеттік университетінің Душанбе филиалы (Тәжікстан) ғалымдары, «Ұлы тағзым” қоғамдық қорының Геопарк Ұлытау медиа тобы және Қ.И.Сәтбаев атындағы геология ғылымдары институты ғалымдары, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі өкілдері, сонымен қатар "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, "Тараз-Туризм" туристік ақпараттық орталығы" КММ басқармасы, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер Палатасы, Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, "Жамбыл туристік индустрия қауымдастығы" өкілдері келді.

Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ләззат Қалымбекқызы модератор қызметін атқарып, геопаркті құру мен дамытудың негізгі аспектілерін, оның табиғи, тарихи-мәдени мұраны қорғау, экотуризмнің және өңірдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығы және осы жобаны іске асыру бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін ортаға талқыға салды.

Геология-минерология ғылымдарының докторы, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы Саида Арапқызы, «Жамбыл облысында геопарк құру әлеуеті және Дулати университетінің рөлі»; Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қ.И.Сәтпаев атындағы геология ғылымдары институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Евгеньевна,«Кіші Қаратаудың геологиялық мұрасы»; ЮНЕСКО-ның жаһандық Янгантау Геопаркінің директоры (Башқұртстан Республикасы) Айрат Ғалиев, «ЮНЕСКО-ның геопарктері аумақтың тұрақты дамуының прогрессивті тренді ретінде»; ProGEO Халықаралық сарапшысы (Ұлыбритания) Доктор Джек Мэтьюз; «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі Ұлтуған Әбілекқызы,: «Кіші Қаратау геомұрасын білім беру бағдарламаларымен интеграциялау»; «АРК» ғылыми ұйымы» ЖШС басшысы Торбеков Ескендір Санжарұлы «Геопарк құру арқылы геомұраны және табиғи мұраны, тарихи-мәдени құндылықтарды пайдалану және сақтау» тақырыбында баяндама оқылды.

юнеско1111

юнеско2222

юнеско33333

юнеско4444

юнеско55555

юнеско66666

 

Прочитано 54 раз
Top