ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЖОЛ

2024 жылы Дулати университетіне «Шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен сарапшыларын жоғары және кейінгі білім беру ұйымдарының оқыту қызметіне тарту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 10 грант бөлінді.

Аталған бағдарлама аясында Дулати университетіне Риау университетінен (Индонезия) профессор Амун Амри мен профессор Нур Ислами, Петронас технологиялық университетінен (Малайзия) профессор Рувайда Асикин Бинти Абу Талип және профессор Хайрул Азхар Бин Джумбри шақырылды.

Шетелдік ғалымдарды Дулати университетінің Басқарма мүшесі-стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректоры Шолпан Есімова қабылдады.

Кездесуге халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Маржан Қалмаханова, «Химия» кафедрасының меңгерушісі Асылжан Мажибаев және Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Арман Қабдушев қатысты.

Кездесу барысында бірлескен зерттеулер жүргізу бағыттары талқыланды.

Бір ай бойы шетелдік профессорлар Дулати университетінің студенттері мен профессор-оқытушы құрамына дәрістер оқып, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізеді.

Шетелдік ғалымдарды тарту университеттің стратегиялық басымдықтары мен міндеттерін жақсартуға елеулі әсер етеді.

Бағдарлама университеттің химиялық инженерия саласындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған, негізгі зерттеу бағыттары:

  • Қоршаған орта мен су сапасын зерттеу, оның ішінде белсендірілген көмір негізіндегі мембраналық фильтрлерді зерттеу;
  • Өңірдегі былғары өндіруші кәсіпорындарының мәселелерін зерттеу, оның ішінде былғарының беріктігін және құрылымдық қасиеттерін талдау;
  • Өсімдіктердің молекулалық деңгейін зерттеу, оның ішінде ПТР-анализі арқылы өсімдік геномдарын зерттеу;
  • Ағынды сулардың пайда болуынжәне тазарту әдістерін зерттеу, оның топырақ пен өсімдіктерге әсерін зерттеу;
  • Тағам өнеркәсібінде қолданылатын өсімдіктердің биохимиясын зерттеу, олардың өңдеудегі биохимиялық көрсеткіштерінің сапасын талдау.

Аталған бағдарлама ғылым көкжиегін кеңейтуге, халықаралық серіктестікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде университеттің ғылыми зерттеулерін жетілдіруге және халықаралық рейтингтердегі жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

индус1111

 

Прочитано 35 раз
Top