ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ Д.И.МЕНДЕЛЕЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

Индонезия мен Малайзиядан шақырылған шетелдік ғалымдар М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде орналасқан Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігіне барды.

Риау университетінің (Индонезия) профессорлары Амун Амри мен Нур Ислами және Петронас технологиялық университетінің (Малайзия) профессорлары Рувайда Асикин Бинти Абу Талип пен Хайрул Азхар Бин Джумбри Дулати университетіне «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке шетелдік ғалымдар мен сарапшыларды тарту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында шақырылған.

Шетелдік әріптестерге оқу ордасындағы оңды істерді Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова таныстырды.

Кездесу барысында өкілдік қызметкелері ғылыми зертханаларда әзірленіп жатқан жобалар туралы баяндады. Олардың арасында химиялық инженерия, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік технологияларды әзірлеу саласындағы білім беру жобалары бар.

Кездесу Дулати университеті мен Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің өкілдігі арасындағы халықаралық серіктестікті кеңейту және ғылыми ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды қадам болды.

индус рхту 1111

индус рхту2222ъ

индус рхту3333

 

Прочитано 27 раз
Top