Университет қабырғасында «Ғылым және коммерцияландыру» департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесуге Байзақ ауданының кәсіпкерлері, «Сырым» ЖК директоры Кунсая Амирова, ЖК «Ермекбаева» басшысы Фарида Ермекбаева, ЖК «Берекелді - Бақ» басшысы Бақыт Мажинова, ЖК «Жанбота» басшысы Жанбота Нугиманова, Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев және басқа да кәсіпкерлер қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнес идеяларын әрі қарай дамыту жолдарын қарастырып, университет ғалымдарымен бірлісу арқылы ғылыми негіз жасауға ұсыныс білдірді. Ғылыми жұмыстардың нәтижесі бойынша аталған кәсіпкерлер қаржыландыру мөлшері 350 млн. теңгені құрайтын коммерцияландыру жобаларының байқауына қатысу мүмкіндігін береді.
Кездесу соңында мамандар университет ғалымдарының басын біріктіріп, жиырмасыншы желтоқсан күні кездесу ұйымдастылатыны жайлы сөз етті.