НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАРДАБЫ ЕСКЕРТІЛДІ

Университет қабырғасында Технологиялық факультет «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Нашақорлық Қазақстанның болашағына қаупі зор» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті.

Кездесу мақсаты – қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселінің өршіп тұрғанына байланысты, қоғамға, халыққа осы дерттің зардабын түсіндіру. Есірткіге қатысты ахуал, жасөспірімдермен және жастармен профилактикалық жұмыс әдістерін жүргізу.

Кездесу барысында жоғарғы санатты дәрігер Д.Х.Абдувалиева студенттерге есірткіден төнетін қауіп, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды түсіндіріп берді. Жастардың өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды. Жас буынның жағымсыз жағдайлардан аулақ болу керегін айтып, өз болашақтарына балта шаппауға шақырды.

«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының меңгерушісі С.Б.Байжанова сөз алып, жастар арасында есірткі затын тарату, оны қолдану мәселелерін талқылап, үндеу жасады.

Кездесу соңында мамандар айтылған мәселелерді өздерінің жанындағы құрбылары мен достарына жеткізіп, оларды да есірткіден аулақ болуға шақырды.

нашакорлык нов11111

нашакор нов22222

нашакор нов3333

 

Прочитано 128 раз
Top