Университет қабырғасында «Жастармен жұмыс» бөлімі және «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің ұйымдастыруымен «Есірткісіз жарқын болашаққа» атты жастармен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – адамзатқа төніп тұрған нашақорлық кеселінің өршіп тұрғанына байланысты, жас буынға осы дерттің зардабын түсіндіру. Есірткіге қатысты ахуал, жасөспірімдермен және жастармен профилактикалық жұмыс әдістерін жүргізу.
Кездесуге Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Айгерім Каукешова, Тараз Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі маманы Құралай Бикенова және студенттер қатысты.
Мамандар студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, «синтетикалық» есірткіден төнетін қауіп, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды түсіндіріп берді. Жастардың өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды.
Білімгерлер көптеген пайдалы мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.