Біз қуанышпен хабарлаймыз: Дулати Университеті (М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті) QS 2025 тұрақты даму рейтингіне алғаш рет еніп, Қазақстан университеттері арасында көптеген маңызды көрсеткіштер бойынша көшбасшы екенін көрсетті.
Жоғары білім саласындағы жаһандық талдау агенттігі QS Quacquarelli Symonds бүгін 2025 жылғы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымын-QS Sustainability Rankings 2025 жариялады.
QS Sustainability Rankings 2025 рейтингіне 107 ел мен аумақтан 1743 жоғары оқу орны кіреді. Университеттерді "қоғамды қықпал", "қоршаған ортаға әсер ету" және "басқару моделі" сияқты индикаторлар бойынша бағалай отырып, рейтинг жоғары оқу орындарының қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттерді шешуге қосқан үлесін бағалауға бірегей мүмкіндік береді.
Негізгі жетістіктер:
- Жалпы рейтинг: Әлемдік үздік 1743 университеттің қатарында 1501+ орын.
- Азия рейтингінде: 661 университеттің арасында 545-ші орын.
- Қазақстандағы рейтинг: Рейтингке енген Қазақстандағы 17 университеттің ішінде 15-ші орын.
- Жалпы әлеуметтік әсер:Қазақстанда 3-ші орын.
- Жалпы экологиялық әсер:Қазақстанда 4-ші орын.
Негізгі көрсеткіштер бойынша көшбасшылық:
- Экологиялық әсер:
- Экологиялық зерттеулер: Қазақстан бойынша 1-ші орын.
- Экологиялық білім: Қазақстан бойынша 8-ші орын.
- Экологиялық тұрақтылық: Қазақстанда 10-шы орын.
- Әлеуметтік әсер:
- Денсаулық пен әл-ауқат: Қазақстанда 1-ші орын.
- Білім беруге әсер: Қазақстанда 2-ші орын.
- Жұмысқа орналастыру мен мүмкіндіктер: Қазақстанда 3-ші орын.
- Теңдік: Қазақстанда 4-ші орын.
- Басқару: Қазақстанда 14-ші орын, бұл біздің ашықтыққа және этикалық басқаруға бейілділігімізді көрсетеді.
Бұл нәтиже Дулати Университетінің жоғары стандарттарға және тұрақты дамуға бейімділігін көрсетеді, сондай-ақ білім беру, ғылыми зерттеулер және қоғам игілігіне қосқан елеулі үлесін растайды.
Бұл рейтинг біздің көшбасшылық позициямызды нығайтып, Қазақстанда және халықаралық аренада оң өзгерістер жасауға ұмтылысымызды көрсетеді.