«Әлеуметтік жұмыс басқармасы» жанындағы «Жастармен жұмыс» бөлімінің ұйымдастыруымен №1 жатақхана студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Жастармен жұмыс» бөлімінің бас маманы Айдос Нұрмайлов жас буынға студенттік құқықтары мен міндеттері жайлы сөз қозғады. Білімгерлерге зорлық-зомбылық, әлімжеттік, буллинг және кибербуллинг туралы ақпараттар беріп, ескертпелер жасады. Сондай-ақ, жатақхананың ішкі ережелерін қатаң сақтау, өзіңнің және өзгенің өміріне қауіп төндіретін әрекетке итермелейтін мінез-құлықтан сақ болуға шақырды.
Ашық диалог форматында ұйымдастырылған кездесуде студенттер сұрақтар қоюға және жауап алуға мүмкіндік алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.