ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған еркін форматта дөңгелек үстел өтті.

Бас қосуға Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Жиынның мақсаты – еліміздегі этносаралық келісім мен ынтымақтастықты арттыру арқылы, түрлі этникалық топтардың мәдениеттері мен дәстүрлерін сыйлауды насихаттау.

Модератор Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова сөз алып, Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнағанын жеткізді.

Кездесуде Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы құттықтау сөз алып, республикамызда Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Халық арасында мәдениет аралық диалогтың артуы, жаңа кезеңнің бастауы екенін жеткізді. Сондай-ақ, университетімізде этносаралық ынтымақтастықтағы қоғамдық келісім, бірліктің сақталғанын атап өтті.

Жиын барысында елдің даму кеңістігіндегі этностардың рөлі, олардың экономика, білім беру және мәдениет саласындағы ықпалы туралы, сөз қозғалды. Мамандар Ассамблеяның халықаралық қоғамдастыққа үлкен ықпал ететіндігін, барлық этнос өкілдерінің ауқымды жұмысы бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылыққа бағытталғандығын айтты. Бұл орайда, Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Абдурахман Зайнутдинов, Жамбыл облысы бойынша «Қазақстан татар және башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Фарида Накыш және Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы Рианна Жалпанова тағылымды баяндама жасап,пікір алмасты.

Кездесу соңында алдағы жоспарлар легіне жан-жақты талдау жасалып, өзара ынтымақтастықтың даму жолында қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.  Мамандар Дулати ұжымының қонақжайлығына алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

КХА 1111

кха2222

кха3333

кха4444

 

Прочитано 142 раз
Top