ХАБАРЛАНДЫРУ!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында   жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Педагогика » кафедрасы 2025 жылдың 10-сәуірінде «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОЛЛАБОРАЦИЯ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ» атты  Халықаралық Конгресс өткізеді.

Халықаралық Конгрестің мақсаты – цифрлы қоғамда педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тенденцияларын және коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құрудың заманауи трендтерін айқындау; ХХІ ғасырдың сын-қатерлі контексіндегі білім сапасын арттыратын цифрлы технологиялардың және цифрлы платформалардың мәнін ашу; Мектеп-ЖОО коллаборациясының инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу, заманауи цифрлы педагогтің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру.

Халықаралық Конгрестің жұмыс жасау бағыттары:

  • Үздіксіз педагогикалық білім беру: өзекті проблемалары және перспективалары.
  • Цифрлық білім беруді трансформациялау: цифрлық платформалар және технологиялар.
  • Коллаборативті білім беру ортасындағы цифрлы педагог: әлемдік тәжірибе, инновациялық әдістеме.
  • Жасанды интеллект технологиясы: даму тенденциялары және жаңа мүмкіндіктері.

Халықаралық Конгресс аясында отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық курстары, жаңашыл педагогтердің шеберлік сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтерді онлайн, офлайн форматта ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Халықаралық Конгресс төмендегідей форматта ұйымдастырылады:

  • пленарлық мәжіліс - баяндамалар, Халықаралық Конгрестің резолюциясын қабылдау;
  • отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстары және шебер-сыныптары;
  • психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары;
  • онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;
  • секциялық мәжілістер;
  • инновациялық өнімдердің презентациясы.

Халықаралық Конгреске қатысуға арнайы шақырылады:

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО басшылары, тренер-әдіскерлері;
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдары және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері;
  • ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтері, болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары;
  • Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері.

Халықаралық Конгрестің жұмыс тілдері қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті Халықаралық Конгресс материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Халықаралық Конгреске қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтардың Халықаралық Конгреске қатысушының тіркеу формасын электронды нұсқасын өткізу қажет. Мақалалар электронды түрде қабылданады.

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «Халықаралық Конгреске ______ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2025 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.

Халықаралық Конгреске қатысушылар арнайы сертификатпен және 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

  • - Халықаралық Конгреске қатысушыларға табыс етіледі:
  • - Халықаралық Конгрестің бағдарламасы;
  • - Халықаралық Конгрестің қатысқаны үшін сертификат;
  • - отандық және шетелдік танымал   ғалымдардың авторлық   курстарына қатысқандары үшін халықаралық дәрежедегі АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТ;
  • - Халықаралық Конгрестің жинағы( электронды тасымалдағышта);                                 

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақаланы орналастыру реттілігі:

  • ӘОЖ индексі бірінші беттің жоғары сол жағына   қойылады.
  • Мақаланың атауы.
  • Авторлар туралы мәлімет (екі автордан артық емес): Автордың аты-жөні, әкесінің аты ( ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі), мекеменің атауы және орналасқан жері (егер мекеменің атауынан бөлек болса), авторлардың e-mail.
  • Аннотация 2 тілде: (100 сөзден артық емес: мақсаты, міндеті, зерттеу нәтижелері және   қысқаша тұжырымдары). Егер мақала шетел тілінде ұсынылған болса, онда қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілуі тиіс: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, әкесінің аты,       аннотация, кілтті сөздер (мақаланың соңында)
  • Кілтті сөздер (5-10 сөз).
  • Мақала мәтіні төменде көрсетілген талаптарды қанағаттандыру керек.
  • Библиография (пайдаланған әдебиеттер тізімі).

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Мақаланың мәтіні және тіркеу формасы WORD мәтіндік редакторында   терілуі тиіс, «Times New Roman» қаріпі, тақырып қаріпі және негізгі мәтін шрифт өлшемі (кегль) - 14, жоларалық интервал - бір, тасымалдаусыз, жоғарғы өріс - 20 мм, сол жақ - 20 мм, оң жақ - 20 мм және төменгі өріс- 20 мм. Мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТ).
  • Матариал көлемі 4 беттен кем болмауы тиіс және 6 беттен аспауы керек (суреттеді қосқанда), А4 форматтағы көрсетілген мақала көлеміне мақала мәтіні, әдебиеттер тізімі, кестелер және суреттер   кіреді.
  • Мақала беттері нөмірленуі тиіс.
  • Мақалада формула (сурет, кестелер)   номерленеді.
  • Мақалада әдебиеттер көздеріне сілтеме жасалынуы тиіс. Әдебиет көздерінің тізбесі ГОСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес жасалынады. Мәтінде әдебиет көздеріне сілтемелер квадрат жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі мәтінде қолдану ретімен көрсетіледі. Электронды тасымалдағыштарға да сілтеме жасауға болады.
  • Мәтіндегі сурет, кестелер сапалы   жасалуы тиіс. Жинақта барлық суреттер ақ-қара түсте беріледі.
  • Негізгі мақаладан кейін мақала авторы (-лары) туралы қысқаша мәлімет 15 жолға дейін). Берілетін мәліметте автордың ғылыми-зерттеу аймағы, жұмыс орны, қызметі, байланыс ақпараты (телефон, электронды почта) көрсетілуі тиіс.
  • Материалды дайындауда осы талаптарды сақтамаған жағдайда материалды баспаға жіберу мерзімі ұлғаяды немесе мақаланы баспаға қабылдамауға негіз болады.
  • 9. Барлық жұмыстар антиплагиаттан 26 наурыздан 31 наурызға дейін тексеріледі, қажетті деңгей – авторлық мәтіннің 75% кем емес. Тексеруден өтпеген жұмыстар жариялауға жіберілмейді.
  • Ұйымдастыру комитеті аитиплагиатқа тексеру, мақаланы іріктеу, редакциялау жұмыстарын өзіне қалдырады
  • Мақала, байқау жұмыстарын келесі электронды почтаға 2025 жылдың 25 наурызына дейін жіберу керек: dulatukongrecсБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  • Электронды нұсқадағы файл атауы төмендегідей рәсімделеді: «Бисенова_заявка.doc»
  • Мақалада көрсетілген  ғылыми факті, дерексөз, ғалымдардың аты-жөні және басқа да мәліметтердің шынайлылығы бойынша жауапкершілік авторда (-ларда) қалдырылады.

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Халықаралық Конгреске қатысу үшін 2025 жылдың 25 наурызына дейін төмендегі тіркеу формасын толтырып почтаға жіберіңіз:

Автор туралы мәлімет

 

1

Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса)

 

3

Жұмыс орны, мекен-жайы

 

4

Байланыс телефоны, е-mail

 

5

Мақала тақырыбы

 

6

Секция

 

7

Қажетті техникалық   құралдар

 

8

Қонақ үйдің қажеттілігі (ия/жоқ)

 

МАҚАЛАНЫ ТӨМЕНДЕГІ МЕКЕН-ЖАЙҒА ЖІБЕРІҢІЗДЕР:

(«Дулати университеті, Халықаралық Конгресс») деп көрсетілсін.

E-mail: dulatukongrecсБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

БУЗАУБАКОВА Клара Джайдарбековна – 8 705 720 18 56

УШАКБАЕВА Камшат Рахымбердиевна – 8 701 083 55 33

Жұмыс телефоны: 8(7262) 51 72 53

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР » ФАКУЛЬТЕТІ «ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Прочитано 111 раз
Top