«АҚПАРАТ КҮНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында Кітапханалық-ақпараттық орталығының кітапханашысы Гүлжан Ноғайбаева және «Журналистика және филология» кафедрасының оқытушысы Айгүл Иматаеваның бастауымен «Ақпарат күні» ұйымдастырылды.

Жиынның мақсаты – студенттер мен оқытушыларды кітапхананың жаңа ресурстары мен қызметтері туралы ақпараттандырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті дереккөздермен таныстыру.

Жиын барысында білімгерлерге электронды кітапхана мүмкіндіктері, жаңа оқу құралдары және дерекқорларға қолжетімділік туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кітапханадағы цифрлық технологияларды пайдалану және ғылыми әдебиеттермен тиімді жұмыс істеу тәсілдері көрсетілді.

Жиын соңында студенттер ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты. Өз кезегінде жастар көкейлеріндегі сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Прочитано 72 раз
Top