2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қос педагогы бар:
Абдраманова Назира Қайыпбекқызы – «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы: «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Қазақстандағы қылмысты азайту мақсатында университет тәжірибесіне үстел және цифрлық оқу-құқықтық ойындарды әзірлеу және енгізу» (IRN AP25796421)
Еркебұлан Гүлнұр Тұратайқызы – «Физика и информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD доктор: «Жетілдірілген өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» атты приоритетті бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Нейрондық желі алгоритмдері негізінде мәтінді аудару және қазақ тілін оқытудың адаптивті жүйесі» (ИРН АР25793799)
Жас ғалымдарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жетістіктер мен жобаларын жүзеге асыруда табыс тілейміз!