ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов шәкірт жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген бірқатар ұстаздарға марапаттарын табыстады.

Салтанатты жиында университет ұстазы Надира Ниетбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті диссертациялық кеңесінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен 6D011100 - «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы дәрежесіне ие болды. 

«Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Нұржан Қазбеков  71 келі салмақ дәрежесінде және оқытушы Берік Тұрғанов 98 келі салмақ дәрежесінде самбо күресінен алтын жүлдеге ие болып, Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.

Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Қазбекұлы құттықтау сөз алып, ұстаздардың қажырлы еңбектеріне алғысын білдірді. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін тілге тиек етіп, әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.

Марапат иелерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

марап111

марап2222

 

Прочитано 69 раз
Top