Университет қабырғасында Әлеуметтік жұмыс басқармасының бастауымен №1 және №2 студенттік жатақханаларда орналасқан қыздармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – қыздар арасында ішкі тәртіп ережелерін түсіндіріп, жатақхана тұрғындарының арасындағы тәртіптілікті сақтау. Жатақхана ішіндегі ережелер мен нормаларды түсіндіру арқылы студенттердің құқықтары мен міндеттерін анықтау.
Кездесу барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
- Жатақханадағы жалпы ережелер мен қызмет көрсету – тамақтану, тазалық сақтау және тұрмыстық жағдайларды реттеу мәселелері.
- Жатақхана ережелері мен талаптары – жалпы ішкі тәртіп ережелері, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, тыныштықты бұзбау, басқа студенттердің құқықтарын сыйлау.
- Тазалық және санитарлық нормалар – бөлмелердің тазалығы мен санитарлық талаптарды сақтау, ортақ пайдалану орындарының таза әрі тәртіпті болуы.
- Қауіпсіздік шаралары – жатақхана аумағында қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі.
- Құқықтар мен міндеттер – студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы түсінік, тәртіп бұзған жағдайда қолданылатын жаза шаралары.
- Шу шығару және тыныштық сақтау – кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзбау, әсіресе демалыс және оқу уақытында.
Кездесу барысында барлық қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Қыздар арасында жатақхананың ішкі ережелерін сақтау қажеттілігі мен жатақхана ішіндегі қауіпсіздік пен тәртіптің маңызы туралы кеңес берілді.
Әлеуметтік жұмыс басқармасының маманы Ж.Жамангараева