ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Университет қабырғасында «Тарих» кафедрасының «Ұлы Дала» студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі Акнур Кобесованың бастамасымен Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына арналған «Елін сүйген Ермұхан» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектеп бітіруші түлектері, колледж студенттері мен университет білімгерлері қатысты.

Конференцияның мақсаты –ұлы тұлғаның қазақ тарихындағы алар орны мен зерттеулерін өскелең ұрпақ санасында жаңғырту арқылы Ермұхан Бекмахановтың мұраларын насихаттау.

«Тарих» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ермекбай Серікбаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жиын барысында «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төраға орынбасары Сейсегүл Әбдісаттарова, «Тарих» кафедрасының т.ғ.к., доцент Жанна Сейткулова, қауымдастырылған профессор, PhD Альбина Максутова, Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Тұрсынкүл Ордабекова, студенттер мен жетекшілері тақырыпқа байланысты баяндама жасап, тұшымды ойларымен бөлісті.

Конференцияға қатысып, жүлделі орын алған оқушылар мен студенттерге диплом және сертификаттар табысталып, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Прочитано 23 раз
Top