ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ

Дулати университеті аймақтық ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады. Мұнда өңірдің проблемаларын, оның ішінде жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық-экологиялық проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әлеует пен материалдық-техникалық база шоғырланған.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ ҚР ғылымы мен жоғары білім беруді дамытудың заманауи моделін табысты іске асыруда.

Соңғы 3 оқу жылында университетте 15 ғылыми-зерттеу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын университеттің тақырыптық жоспарына сәйкес іздестіру-бастамашыл ғылыми жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 46 ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың ішінде: 11-іргелі тақырыптар, 20-қолданбалы тақырыптар, 15-тәжірибелік-конструкторлық зерттеу тақырыптары. ҒЗЖ тақырыптарын таңдау ғылыми мектептерді зерттеу бағытына, университет жанында жұмыс істейтін ғылыми орталықтардың әлеуеті мен мүмкіндіктеріне және өңірдің туындайтын проблемаларының өзектілігіне байланысты.

2024 жылы қаржыландыру көлемі 820,4 млн, тг. құрайтын 64 ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылды, оның ішінде: 19 гранттық негізде, 1 ғылыми бағдарлама бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізде және 1 халықаралық жоба, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері бойынша 1 жоба, 42 ҒЗТКЖ.

2024-2026 жылға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) конкурсының нәтижесі бойынша университет Мега грант иегері болып табылды– 3,5 млрд. тг., Бұл бағдарламаға бизнес өкілдерінен қоса қаржыландыру – 355 млн. тг. құрады. 2024 жылдағы Жас ғалым конкурсының нәтижесінде 6 жоба грант иегері атанды. Жыл сайын ғылыми бағыт бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алған оқытушылар саны артып келеді. 2024 жылы 7 оқытушы, 2022 жылы 4 оқытушы қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алды.

2024 жылы гранттық қаржыландыру есебінен университеттегі 6 ғылыми зертхана санына Амангелді газ кен орнының проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған «Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу» зертханасын (QazaqGaz барлау және өндіру) және Жамбыл облысы өңірлерінің суын тазартуға бағытталған «Суды тазарту және материалдар» зертханасын ашып, зертханалар санын арттырды.

Жалпы университет ғалымдары жариялым белсендігін жоғарылатуда. Соңғы 4 жылда Дулати университетінің ғалымдары 75 монография жариялады, Scopus және Web of Science дерекқорында 394 мақала және Ғылым комитетінің журналдарында 583 мақала жариялады. Соның ішінде, 2024 жылы Дулати университетінің ғалымдары 16 монография жариялады, Scopus және Web of Science дерекқорында 114 мақала және Ғылым комитеті журналдарында 136 мақала жариялады.

Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Орынбаев С.А.

Прочитано 36 раз
Top