АКУСТИКАЛЫҚ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті «Журналистика және филология» кафедрасының бастауымен «Көктем. Сағыныш. Махаббат. Сезім симфониясы» атты акустикалық кеш өтті.

Кештің мақсаты – студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың ортаға бейімделуіне ықпал ету.

Махаббат пен көктем тақырыбы тоғысқан кеште жас таланттар сүйікті әндерін жанды дауыста орындап, поэзиялық шығармаларды көрерменге ұсынды. Сонымен қатар, студенттер ұлы ақындардың, қазіргі танымал авторлардың шығармаларын оқып, өз туындыларымен бөлісті. Көрермен қауым көктемнің нәзік атмосферасын сезініп, ерекше эмоцияға бөленді.

Өнер сүйер жастар қауымы ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Прочитано 134 раз
Top