ЕСІРТКІ – ЖОЙЫЛҒАН БОЛАШАҚ!

Университет қабырғасында Әлеуметтік жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен  «Есірткі – жойылған болашақ!» тақырыбында ғылыми- танымдық семинар өтті.

Семинарға Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асқар Жұмабеков, Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Айгерім Каукешова, Басқарма мүшесі - әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек және Жамбыл облысы ПД Кинология қызмет орталығы мен оқу-жаттығу взводының қызметкерлері, студенттер қатысты.

Семинар мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтіп, қоғамға осы дерттің зардабын түсіндіру. Есірткіге қатысты ахуал, жасөспірімдермен және жастармен профилактикалық жұмыс әдістерін жүргізу.

Мамандар түрлі инфекция жұқтырудың салдары мен есірткі қылмысына қатысты іс-қимыл әрекеттері, «синтетикалық» есірткіден төнетін қауіп, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды түсіндіріп берді. Алаяқтар қазіргі таңда интернет арқылы жастарды есірткі таратуға итермелейтіні жайында және есірткі сатудың неге әкеліп соқтыратыны туралы мысалдар келтірілді.

Семинар барысында Басқарма мүшесі - әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек сөз алып, жиынның маңызы жайлы бірқатар ойларымен бөлісті. Нашақорлық – бүгінгі күннің ең қауіпті тәуелділік дерттерінің бірі екенін жеткізді. Ол адам өміріне ғана емес қоғамға қауіпті екенін ескертіп, жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе отыра, түрлі кездесулер ұйымдастырылып жатқаны жайлы сөз етті. Жастардың ондай жағымсыз жағдайлардан аулақ болу керегін айтып, өз болашақтарына балта шаппауға шақырды.

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асқар Жұмабеков сөз алып, есірткінің заңсыз айналымы саласында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын, ал оны тарту фактісі болашақта жұмысқа орналасу кезінде кедергі болуы мүмкін екенін баса айтты.

Кездесу соңында Жамбыл облысы ПД Кинология қызмет орталығының қызметкерлері мен қызметтік иттерінің есірткіні іздеу барысы жайлы арнайы көрініс көрсетілді. Осы бағытта қызметкерлер толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, білім алушыларға құқықтық кеңестер беріліп, айтылған мәселелерді өздерінің жанындағы құрбылары мен достарына жеткізіп, оларды да есірткіден аулақ болуға шақырды.

есырткы1111

есырткы2222

есырткы3333

есырткы4444

есырткы5555

есырткы6666

есмырткы7777

есырткы8888

есырткы9999

есыртык10 10

 

Прочитано 105 раз
Top