ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры Байжуманов Мұхтар және қауымдастырылған профессор Ерубаев Ерлан BR24992867 гранттық жобасы аясында «Қазақстанның су шаруашылығын және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мен басқаруға арналған ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу және инновациялық инжиниринг орталығын құру» мақсатында Шанхай (ҚХР) қаласындағы тоқыма емес материалдар өндіруге арналған жабдықтар мен осы материалдарды өндіретін зауыттарға іссапармен барды.

Сапар нәтижесінде Шанхай қаласында орналасқан қытайлық «Changshu Mingyi Nonwoven Machinery Co., LTD» компаниясы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті арасында тоқыма емес материалдардың әртүрлі ассортиментін өндіру, цехтар мен жабдықтарды жобалау бағытында бірлескен ғылыми-зерттеу және техникалық әзірлемелер бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ғылыми-техникалық және білім беру ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды.

Компаниямен келесі салалар бойынша ынтымақтастық меморандумына қол жеткізілді:
 • Жабдықтарды сатып алу және тоқыма емес материалдардың әртүрлі ассортиментін өндіру;
 • Университет пен зауыт-өндіруші арасында өзара тиімді серіктестікті нығайту;
 • Осы жабдықтарда жұмыс істеуге мамандарды оқыту.

Сонымен қатар, пилотсыз ұшу аппараттарын (ПҰА) әзірлеумен айналысатын «Beijing TT Aviation Technology Co., LTD» компаниясына бару ұйымдастырылды. Пекин қаласында (ҚХР) азаматтық пилотсыз ұшу аппараттарын өндіру, басқару және бағдарламалауды оқыту саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және техникалық әзірлемелер бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ғылыми-техникалық және білім беру ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды.

Компаниямен келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық меморандумына қол жеткізілді:
 • Кадрларды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және іске асыру;
 • Пилотсыз ұшу аппараттарын жинақтау және жаңғырту бойынша тәжірибелік-конструкторлық алаң құру;
 • Білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы тәжірибе мен нәтижелермен алмасу.

ынты1111

ынты2222

ынты3333

ынты444

 

Прочитано 93 раз
Top