ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Университет қабырғасында Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ғылым – болашақтың шырағы!» атты салтанатты шара өтті.

Жиынды Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, ғалымдардың қоғамдағы рөлін құрметтеу және олардың қажырлы еңбектері туралы сөз қозғады. Ғылыми қызмет – аса жауапты әрі күрделі сала екенін тілге тиек етіп, әрбір ғалым құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді. Ғылым жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген бірқатар ғалымдар мен студенттерге марапаттарын табыстады.

Кеш барысында Республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары, Scopus және Web of Science дерекқорларындағы жоғары ғылыми метрикалық көрсеткіштерге ие авторлар, өнертапқыштық қызметпен айналысқан ғалымдар, жоғары рейтингті ғылыми журналдарда белсенді жарияланған зерттеушілер, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасаған ұстаздар, ғылыми жұмысты ұйымдастыруда ерекше белсенділік танытқан қызметкерлер және кафедрадағы ғылыми қызметті үйлестіру бойынша үздік менеджерлер марапатталды.

Сонымен қатар, университеттің инновациялық дамуына үлес қосып жүрген жас буын да назардан тыс қалмады. 2024 жылы студенттердің стартап жобалары арқылы университетке 9 212 200 теңге көлемінде инвестиция тартылған. Осы бастамаларға белсене қатысқан 41 студент «Стартап жобалары байқауларының жеңімпаздары» номинациясы бойынша Алғыс хаттармен марапатталды.

Дулати университеті – еліміздің ғылыми кеңістігінде өзіндік орны бар білім ордасы ретінде ғылымға негізделген серпінді дамуын жалғастырып келеді. Мұнда жаңашыл көзқарасты қолдау, жас зерттеушілерге жол ашу, ғылымның әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.

Марапат иелерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

гылым1101011

гылым3333

гылым4444

гылым5555

гылым6666

гылым7777

гылым85888

гылым9999

гылым10 10

гылым11 11

гылым12 12

 

Прочитано 64 раз
Top