ҚАЗАҚСТАН МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер Дулати университетіне ресми сапармен келді. Құрметті мейманды Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев қарсы алды.

Кездесуге Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова, «Әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ольга Ким қатысты.

Кездесу барысында Германияның жоғары оқу орындарымен орнаған әріптестік байланыстар мен бірлескен жобалар талқыланды. Екі тарап  болашақта жүзеге асыруға болатын бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. Дулати университеті Германияның жоғары оқу орындарымен су шаруашылығы, химиялық технология, жаңартылған энергия көздері, ұшқышсыз ұшатын аппараттар шығару және өзге де салаларда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар әріптестік байланысты одан әрі нығайтуға және өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екендіктерін жеткізді.

герман1111

герман2222

герман3333

герман444

герман5555

герман6666

герман777

 

Прочитано 82 раз
Top