XVIІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVIІ республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылды.

Екі күнге созылған жарысқа еліміздің 4 жоғары оқу орнынан 12 студент және 4 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Олимпиада В070 «Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдар» білім беру бағдарламалары бойынша өткізілді.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз алып, білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған олимпиаданың студенттер үшін үлкен мүмкіндіктердің бірі екенін жеткізді. Цифрландыру мен заманауи технологияларды қолданудың білім саласындағы рөліне ерекше тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс барысында студенттер теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын көрсетіп, өзара бәсекеге түсті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I дәрежелі дипломымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Жарас Тілеген, II дәрежелі дипломмен Алматы технологиялық университетінің студенті Аружан
Усен және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Зарина Ауезхан, III дәрежелі дипломмен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Аяулым Ескендір, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Гүлжанат Төребай және Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің студенті Күнсұлу Ершіман марапатталды.

XVІІ республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінің нәтижесі бойынша Алматы технологиялық университетінің I дәрежелі дипломымен Алматы технологиялық университеті командасы, II дәрежелі дипломмен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті командасы  және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті командасы, III дәрежелі дипломмен Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті командасы марапатталды.

Олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

олип1111

олипа2222

олипа333

олипа45444

олимп5555ъ

 

Прочитано 76 раз
Top