Әрбір білім алушының өзіне қоятын сұрағы: "Мен оқып жатырмын, неге тағы оқуым керек?»
Бірақ, сізді таң қалдыратын бірнеше фактілер бар:
ҚР Bureau of National Statistics мәліметтері бойынша, Қазақстандағы жас мамандардың 60%-дан астамы университетпен қатар онлайн-курстардан өтеді.
ҚР-дағы жұмыс берушілердің 70% - дан астамы жұмысқа қабылдау кезінде онлайн-оқыту сертификаттарының болуын оң бағалайды.
Енді сізге сұрақ:
Сіз не таңдайсыз — жай ғана дипломды күтесізбе немесе нақты дағдыларды жинай бастайсыз ба?
Онлайн курстар-бұл:
- * Ыңғайлы қарқынмен оқу
- * Заманауи және қажетті білім
- * Сіз үшін жұмыс істейтін сертификаттар
Ең жақсылардан үйренгіңіз келе ме? Қазақстанда "Coursera Қазақ тілінде" бағдарламасы қол жетімді, сіз әлемнің жетекші университеттерінен қазақ тіліне локализацияланған курстардан өте аласыз ! Бағдарламаға қатысқан 3 жыл ішінде біздің ЖОО-ның 6000-нан астам білімгері курстан өтті, 7000-нан астам сертификат алынды!
Ал білім алушылар мен тілек білдірушілер үшін Дулати Университеті өзінің moocs.dulaty.kz ЖАОК платформасын іске қосты, онда әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 60-тан астам ЖАОК орналастырылған.
Әрбір сертификат - бұл жаңа білімге, мүмкіндіктерге және мансаптық өсуге жасалған қадам! Болашақ сіздің қолыңызда!